Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полипропиленнен жұмсақ контейнерлер шығаруға бағытталған «SMB group family» фабрикасында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«SMB group family» фабрикасы қаптар, слим және биг бэгтерді шығарады. Кәсіпорын өнім көлемін жыл сайын ұлғайтып келеді. Бүгінде өндіріс ошағында 305 адам еңбек етеді.
— Компания бір орнында тұрған жоқ. Өндірісті кеңейтуді қолға алды. Қазір заманауи цех салынуда. Инвестиция сомасы – 1 млрд теңге. Қосымша 300 жаңа жұмыс орны ашылады», — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.