Қазақ күресі: Ел біріншілігінде Алтынбек Аусағитовқа қола медаль бұйырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақтауда қазақ күресінен өтіп жатқан ел біріншілігінде жерлесіміз Алтынбек Аусағитов қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық балуан Алтынбек Аусағитов 100 килограмм санатында өнер көрсетті.  Қазақстан чемпионатында ол 5 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберді.

— Бірінші айналымда бос болдым. Екінші кездесуде атыраулық балуанмен күрестім. Кейін Шығыс Қазақстан облысының өкілімен белдестім. Финалға шығу үшін қазақ күресінен 2022 жылғы әлем чемпионы Марат Байкмуровпен кездесіп, оған есе жібердім. Бұған дейін бұл қарсыласымды ұтып жүрген едім. Бірақ менде жүлдегер атану мүмкіндігі болды. Мен оны пайдаланып, алдымен астаналық қарсыласымды жеңіп, содан соң ақмолалық спортшы қапы қалдырдым. Нәтижесінде қола медальді еншіледім, — дейді Алтынбек Аусағитов.

Биыл қазақ күресінен ел біріншілігінде «Қызылжар арландары» клуыбының 15 мүшесі қатысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz