Петропавлда жылу магистралінің зақымдануынан 90-нан астам тұрғын үйге жылу энергиясы жеткілікті көлемде жетпей отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Петропавл жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары № 28 жылу магистралінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
– Жылу магистралінің зақымдануынан Партизан, Маяковский, 314-атқыштар дивизиясы, Әуезов, Попов, Тоқсан би, Васильев, Абай өткелі, Позолотин көшелеріндегі объектілерге жылу энергиясы толыққанды мөлшерде берілмейтін отыр. Жылумен жабдықтау режімін қалпына келтіру процесі кәсіпорын мамандарының бақылауында, – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Жылу магистраліндегі жөндеу жұмыстары аяқталған соң құбырлардағы қысым реттеліп, жылу батареяларына ыстық су беріледі.