Облыс әкімі «Қуаныш» волейбол клубының ұжымымен кездесіп, ботаникалық бақты аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алдымен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Қуаныш» волейбол клубының спорт кешенін аралап, волейболшылармен және бапкерлер құрамымен тілдесті. Облыс әкімі спортшыларды Қазақстан кубогын жеңіп алуымен құттықтап, Петропавлда өтетін Суперкубок ойынында жеңіс тіледі.
Кейін өңір басшысы қаламыздың көрікті жері – сирек ағаштар мен өсімдіктер өсетін ботаникалық баққа барды.
— Біз осы бірегей нысанды сақтау үшін қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.