Тайынша ауданында көпқабатты баспаналар мен спорттық нысандардың құрылысы жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша қаласында көпқабатты екі тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тайынша ауданы әкімдігінің хабарлауынша, биыл Тайыншада 976,1 млн. теңгеге 50 пәтерге шақталған баспана тұрғызылып жатыр. Нысан 2024 жылы мамыр айында халық игілігіне тапсырылады. Сондай-ақ тағы бір коммерциялық 30 отбасыға арналған көпқабатты үй салынуда. Оның қолданысқа берілу мерзімі белгісіз.

Ауданда тұрғындарды саламатты өмір салтына баулу мақсатында 189 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Биылдың өзінде бұл дене шынықтыру орталықтарында 172 жалпы спорттық шара ұйымдастырылып, оған 6100 адам қатысты. Бүгіндері бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін Тайынша қаласында жабық мұз айдынының құрылысы аяқталуға жақын.

– Тайыншадағы жабық мұз айдынын халық игілігіне желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Ал келер жылы Келлеровкада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтаймыз, — дейді Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz