Қызылжарда Ақан сері Қорамсаұлы атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар төрінде  Ақан сері Қорамсаұлы атындағы II Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы  өтіп жатыр. Бұл шара  ұлттық руханиятымызға өшпес із қалдырған еліміздің ардақты әншісі, Арқа ән мектебінің ірі өкілі  – Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай   ұйымдастырылды. Байқауда  43 әнші бақ сынайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

    –Бұл байқау атадан балаға мирас болып жеткен  сал-серілердің шығармаларын кеңінен насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, жас өнерпаздарды анықтап, кәсіби шеберліктерін жетілдіру,  дәстүрлі ән өнері арқылы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, елімізде ұлттық өнердің дәріптелуі мен дамуына үлес қосу мақсатында өткізілді.  Байқау шарттары мен талаптарына   сәйкес 18 бен 35 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатыса алады, – дейді аталмыш өнер додасын ұйымдастырушылардың бірі, Мәдениет саласының үздігі Біржан Есжанов.

ІІ кезеңнен тұратын байқауда мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік таланттардың өнерін өнер майталмандары Ербол Айтбаев, Қайрат Кәкімов, Нұржан Жанпейісов, Дәуренбек Әлкенов, Біржан Есжановтан құралған қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар диплом, ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталады. Сооынмен қатар Молдахмет Тырбиұлы, Мұса Асайынов, Игібай Әлібаев, Кәкімбек Салықов атындағы арнайы жүлделер тағайындалып, арнайы аталымдар бойынша  жеңімпаздар анықталмақ.

–  Ақан атамыздың артында қалған асыл қазынасын қазақ халқының игілігіне жаратып, руханияттың дамуына үлес қосқан жастарымызға ризашылығымды білдіремін. Қазақ әнін айтып, халықтың рухын асқақтатқан әншіні қалың бұқара алақанында ұстайды. Сынға түскен жүйріктерге сәттілік тілеймін,    –  дейді қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Ербол Айтбаев.

Екі күнге созылған ресупбликалық байқау бүгін  қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz