Жыл соңына дейін облыста 300 шаршы метрді қамтитын баспана халық игілігіне беріледі. Тұрғын үйлердің дені Петропавлда салынып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары Петропавлдағы «Жас өркен», «Береке», «Копай» және «Орталық» шағынаудандарында қызған. Биылдың өзінде облыс орталығында 22 және аудан орталықтарында 2 баспана тұрғызылып, қолданысқа беріледі. Оның 8-і бюджет есебінен салынса, 16-сы коммерциялық үйлер екен. Бұл ғимараттар тапсырылса, 5 мыңнан астам тұрғын баспаналы болмақ.
– 2024 жылы 26 көпқабатты баспана тұрғызу жоспарда бар. Ол – 1941 пәтер. Келер жылы пайдалануға берілетін үйлердің 23-і Петропавлда, қалған үшеуі аудан орталықтарында орналасқан. Жалпы алдағы үш жылдың ішінде 1 млн. шаршы метрге жуық баспана салынады, — дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.