СҚО-да үстел теннисі орталығы мен мұз сарайы салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту және жаппай спортты дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы өңір басшысы облыстық мәслихат депутаттарына есеп беруі кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері облыста өңір халқының 41 пайызы спортпен шұғылданады. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Аймақ басшысының сөзінше, ол үшін қала және аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары көптеп салынбақ.

– Бүгіндері облыста 5 дене шынықтыру-сауықтыру және 4 жабық хоккей қорабының құрылысы жүріп жатыр. «Қарасай» стадионын жаңғырту жұмыстарының 1-ші кезеңі аяқталды. Келер жылы спорттық алаң қолданысқа беріледі. Ауқымды жобалардың қатарында Петропавлда үстел теннисі орталығы мен мұз сарайын тұрғызу жоспарда бар, — дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz