2024 жылы «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Премьер-Министр Әлихан Смайылов 23 қарашада Сенат кулуарында келесі жылы «9-20-25» деп аталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұған дейінгі «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін қаражат керек екенін, бұл мәселені Үкімет «9-20-25» бағдарламасын іске қосу арқылы шешкелі отырғанын атап өтті.

— «Ұлттық банк» өзінің лимиттерін қойды. Бұл лимиттер сұранысқа жеткіліксіз. Ұлттық банк сондай шектеу қойғандықтан, біз Үкімет шеңберінде Отбасы банк және «Бәйтерек» өзіміздің қосымша бағдарламаны әзірлеп отырмыз. Ол «9-20-25» бағдарламасы. Оның шарты: ипотекалық несие 25 жылға 9 пайызбен беріледі, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр бағдарламаны іске асыру үшін қазір есеп жүргізіліп жатқанын айтты.

— Оған жыл сайын 150 млрд. теңге керек әрі 8 мың отбасы ипотека алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін біз 100 млрд. теңгені нарықтан тартуымыз керек, ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөлуі керек. Екі қаражат көзін араластырып, 9 пайыздық мөлшерлемеге шығу керек. Бұл бағдарлама негізінен жастарға арналады,  – деді Премьер-Министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz