Облыста төрт күннің ішінде көлікті мас күйде тізігіндеген 11 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұсталған мас жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алуды және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Төрт күн ішінде облыс жолдарында жол қозғалысы ережесін бұзудың 1247 фактісін тіркеді. Өрескел заңбұзушылықтардың қатарында мас күйде көлікті басқарудың 11 фактісі бар. Ең жиі кездесетін қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаудың 136 дерегі, сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен 106 жүргізуші жауапкершілік жүгін арқалады, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.
Жолды белгіленбеген жерлерде немесе бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтетін жаяу жүргіншілерге де жоғары назарға аударылатыны белгілі. Төрт күннің ішінде 165 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.