Волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігі жалғасуда. Петропавлдағы «Қуаныш» спорт кешенінде өткен кезекті екі ойында жерлестеріміз жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жұма күні жергілікті «Қуаныш» волейбол клубы түркістандық «Тұран» командасымен ойнады. Бұл кездесу 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Бірінші партияда солтүстікқазақстандық қыздар қарсыластарын айқын басымдықпен (25:8) жеңсе, екінші кезеңде 29:27 нәтижесі тіркелді. Кейін Павлодардан келген бұрымдылар таразы басын теңестіріп, шешуші ойында жеңіс «Қуанышқа» бұйырды.
Ал кеше ұйымдастырылған кездесуде солтүстікқазақстандық волейболшыларға павлодарлық «Ертіс» қарсылас атанды. Матчта 3:0 есебі тіркеліп, жеңіске «Қуаныш» клубы жетті.