Ақжар ауданының Тұғыржап ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың үш ауданындағы төрт ауылдың малынан бруцеллез анықталды. Соңғы дерек Ақжар ауданына қарасты Тұғыржап ауылында тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері бруцеллезге шалдығу фактілері Қызылжар ауданы Плоское, Аққайың ауданы Ленинское және Ақжар ауданындағы Үлгілі және Тұғыржап ауылдарында белгілі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 223 ірі қарадан бруцеллез анықталса, өткен жылы жұқпалы кеселге 779 мал шалдықты.

– Қарашаның 13-і күні Ақжар ауданындағы Тұғыржап ауылындағы «Хиуа» шаруа қожалығында бруцеллез табылды. Ауру 5 ірі қарадан анықталды. Барлық мал сойылды. Қазіргі уақытта елді мекеннен ет және сүт өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылды, — дейді ветеринария мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz