Жыл басынан бері Айыртау ауданында кәсіпкерлік саласында 15 жоба жүзеге асып, бұл мақсатқа 980 млн. теңге жұмсалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Айыртау ауданында 15 жоба іске қосылып, 39 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 243 млн. теңгеге 33 жоба қаржыландырылды.
– Айыртау ауданында 1699 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп келеді. Әрине кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан түрлі қолдау механизмдері бар. Оны тұрғындар пайдаланып, жаңа кәсіп ашып жатыр. Бұдан бөлек, биыл ауданда бөлшек сауда саласы да дамуда. 10 айдың ішінде тауар айналымы 9,3 млрд. теңгге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда оның көрсеткіші 105,3 пайызды құрады, — дейді Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов.