СҚО-да «Солтүстік» ӘКК инновациялық жылыжайды қаржыландырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Солтүстік» ӘКК» АҚ өңірде «Зеленый Север» серіктестігі тұрғызған заманауи жылыжай кешенін қаржыландырды. Оның аумағы – 3,7 га жер. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде аймақтың қияр мен қызанаққа деген сұраныстың үштен бір бөлігін жаппақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Зеленый Север» ЖШС директоры Екатерина Асаеноктың айтуынша, бүгінде 34 мың қияр көшеті отырғызылды. Кәсіпкер көкөністің бұл түрінің алғашқы өнімін желтоқсанның 12-сі күні алуды көздеп отыр. Айта кеткен жөн, қияр 20 наурызға дейін жеміс береді. Одан соң жаңа көшеттер отырғызылады.

Қиярдың тұқымы Голландиядан жеткізілгенін тілге тиек еткен жөн. Келесі жылы кәсіпкер жылыжайда қызанақ өсіруді қолға алмақ. Жоспарда салат және басқа да жасыл өнімдерді өсіру бар.

– Жылыжайдағы температура бірнеше жүйелермен қамтамасыз етіледі. Көкөністердің өнім беруі үшін ылғалдылық параметрлері де бақылауда болады. Тұман жүйесі арқылы бөлмедегі ылғалдылық сақталады. Өнімнің өсуіне оң ықпалын тигізетін арнайы шамдарды да орнаттық, — деді Екатерина Асаенок.

Қазіргі таңда кешенде 60 жаңа жұмыс орны ашылған. «Зеленый Север» ЖШС директорының айтуынша, әлі де көкөніс өсіретін білікті кадрлар қажет. Ол кәсіпорында қызметкерлерді арнайы білім мен тәжірибесіз қабылдауға дайын.

Екі жылға созылған жылыжайдың құрылысына 7,2 млрд. теңге жұмсалды. Оның 5,8 млрд. теңгесін кәсіпорын «Солтүстік» ӘКК» АҚ арқылы 8 жылға несиеге алды. Жылдық мөлшерлемесі 4% құрап отыр.

– Тиісті субсидиялар алуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін бұл мемлекеттен үлкен көмек, – дейді «Зеленый Север» ЖШС директоры Екатерина Асаенок.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz