Бүгінгі таңда облыста қызылшаны жұқтырудың 52 дерегі тіркелсе, оның басым бөлігі Петропавл тұрғындарынан анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қызылшамен ауырып жатқандардың 58 пайызы – 17 мен 30 жастағы адамдар. Жұқпалы ауруға шалдығудың соңғы үш дерегі Мағжан Жұмабаев ауданында, Петропавлда тіркелді.
– Жағдайлардың аумақтық тіркелуі бойынша көш басында – Петропавл қаласы. Қызылшаны облыс орталығында 43 адам жұқтырса, 4 дерек М.Жұмабаев, жекелеген фактілер Аққайың, Айыртау, Қызылжар және Жамбыл аудандарында анықталды, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіндегілер.