Сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ҚАЖ департаментіне қарасты түзету мекемелерінде сотталғандар арасында шахматтан облыстық онлайн турнир өтті. Оған өңірдегі 5 түрмеден 20 сотталған қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарыс «Бостандық үшін шахмат” бағдарламасы аясында өтті. Ол бүкіл әлем бойынша түзету мекемелерінде білім беру және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде шахматты енгізуге бағытталған.

Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша танымал шахмат сайттарының бірінде өтті. Турнир қорытындысы бойынша №51 мекемесінің сотталғандары жеңімпаз атанса, №66 мекеменің командасы екінші орынды, ал №48 мекеменің командасы үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz