Облыста дене қызуының көтерілуіне, қатты жөтелге шағымданып, дәрігерге қаралғандар саны күрт артты. Өткен бір апта ішінде 4 мыңға жуық адамға жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазан-қараша айында өңірде ЖРВИ-ді жұқтыру бойынша 26 841 жағдай тіркелген. Тек соңғы аптада 3926 адам ауырған. Бұл оның алдындағы аптамен салыстырғанда 42%-ға артық. Науқастардың 2912-сі немесе 74%-ы – 14 жасқа дейінгі бала.
— СҚО-да H3N2 типті А тұмауын жұқтырудың бір жағдайы тіркелді. Қауіпті инфекцияның әрі қарай таралмауы үшін вакцинация белсенді жүргізілді. Қазіргі уақытта облыс халқының 11% вакцинацияланды, ДДСҰ ұсынысы бойынша кемінде 10% екпе алуы тиіс. Өңірге ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 000 дозасы сатып алынған болатын. Вакцинация жоспары 100% орындалды. Нәтижесінде 9 мыңға жуық медицина қызметкері, 4,5 оқушы, 555 жүкті әйел, 23 мыңнан астам созылмалы ауруы бар адам, 600-ден астам жабық үлгідегі мекемелердің тұрғыны, мыңнан астам қарт пен мүгедек және 21 мыңнан астам адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екпе алды, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.