Әлем кубогында екі солтүстікқазақстандық кикбоксшы күміс жүлдегер атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Португалияның Албуфейра қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде отандық спортшылар атой салып, 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медальды қоржынға салды. Ұлттық құрама сапында екі солтүстікқазақстандық кикбоксшы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Португалиядағы әлем біріншілігінде 70 елден 600-ге жуық спортшы қатысты. Кикбоксшылар фулл-контакт, лоу-кик, кик-лайт және К-1 бағыттары бойынша сынға түсті. Ұлттық құрама сапында солтүстікқазақстандықтар Данияр Жарасов, Аслан Асылбеков және Нұрсұлтан Жақыпов ел намысын қорғады.

Данияр Жарасов фулл-контакт бағыты бойынша 54 килограмм санатында күміс медальді еншіледі. Жерлесіміз шаршы алаңда үш кездесу өткізіп, тек финалдық жекпе-жекте ирландиялық қарасына есе жіберді.

Ал Аслан Асылбеков фулл-контакт бағыты бойынша сынға түсіп, 57 килограмм салмақ дәрежесінде спортшылар арасында екінші орынға қол жеткізді. Солтүстікқазақстандық кикбоксшы төрт жекпе-жекке қатысты. Алдымен ол Болгария елінің өкілін жеңіп, кейін Испания және Әзірбайжан құрамаларының мүшелерінен ұпай санымен басым түсті. Ақтық сында Аслан 2:1 есебімен түркиялық қарсыласына жол берді. Нұрсұлтан Жақыпов болса, ширек финалда сүрінді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz