Волейбол: «Қуаныш» клубы — бірінші турдың жеңімпазы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ел біріншілігінің бірінші туры өз мәресіне жетті. Турдың соңғы ойынын жерлестеріміз талдықорғандық «Айқаракөз» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Талдықорғандық бұрымдылармен кездеспес бұрын «Қуаныш» клубы турнир кестесінде үшінші орында келе жатты. Жерлестеріміз алдында тек «Берел» мен «Алматы» командалары тұрды. Бұл қарсыластарынан озу үшін солтүстікқазақстандық спортшыларға жеңіс ауадай қажет болды. Сондықтан болар, бірінші минуттардан бастап, қызылжарлық қыздар бірден есепте басымдыққа ие болды.

Ойынның бірінші кезеңінде «Қуаныш» клубы  25:14 есебімен жеңіске жетсе, екінші бөлімде 25:21 деген нәтиже тіркелді. Ал соңғы партияда солтүстікқазақстандық спортшылар қарсыластарын айқын басымдық (25:9) тізе бүктірді. Осылайша жерлестеріміз бірінші турда чемпионатта көш бастады.

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы екінші тур Петропавлда желтоқсанның 19-ы мен 27-сі күндері өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz