Жеңіл атлетикадан 1-ші Азия-Тынық мұхитының чемпионатында солтүстікқазақстандық пара атлеттер 12 жүлделі орынға қол жеткізді. Есту кемістігі бар спортшылар арасында ұйымдастырылған сын Иранның Тегеран қаласында өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ел намысын 6 солтүстікқазақстандық қорғап, үшеуі 5 алтын, 5 күміс пен 2 қола медальді жеңіп алды. Анастасия Соловьева 4*100 м және 4*400 м командалық эстафетада екі бірінші орынды, 5 және 10 км жүгіруде екі күміс және ядро итеруден үшінші орынды иеленді.
София Колосова болса, 4*100 м және 4*400 м командалық эстафетада екі алтын медаль, көпсайыстан бірінші орын, биіктікке секіруден күміс және 200 м жүгіруден қола жүлдені қанжығасына байлады.
Владимир Беккер екі күміс медальді ешіледі. Бірін ұзындыққа секіруден, екіншісі жүлдесін 110 метрге кедергілермен жүгіруден иеленді.