Министр СҚО-дағы Ұлттық ұлан академиясында қызылшаны жұқтыру фактілеріне қатысты пікір білдірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Солтүстік Қазақстан облысындағы Ұлттық ұлан курсанттарының қызылшаға шалдығуы жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Журналистер министрден СҚО-дағы Ұлттық ұлан академиясындағы қызылшаға байланысты жағдайға баға беруді сұрады.

— Өңірдің бізге берген дерегі бойынша, Ұлттық ұланның аталмыш академиясында 17 курсант ауырған. Біреуі медициналық санитариялық бөлімде ем алып жатыр. Қалғандары жазылып шыққан. Негізі екпе алғандар мен бұған дейін ауырып үлгергендердің иммунитеті берік. Ауырғандары — бұған дейін ауырып көрмегендер. Оның өзінде жеңіл түрімен ауырған, — деді ол.

Оның айтуынша, бастапқыда қызылшамен ауырған 29 курсант жайлы ақпарат болған. Кейінірек оның тек 17-сі қызылша жұқтырғаны белгілі болды.

— Қазір респираторлық вирус инфекциясының эпидемиологиялық маусымы жүріп жатыр. Тарап жатқан инфекциялардың арасында тұмау, тыныс жүйесінің тұмауы (парагрипп) сияқты түрлері бар. Күдікпен түскен өзге курсанттарға басқа диагноздар қойылды. Карантин жариялауға жатпайды, — деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz