Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы қарымта кездесуде «Ақтөбемен» ойнап, ойсырата ұтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Құлагер» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесуде тоғыз шайба соғылды. Өкініштісі, оның 8-і солтүстікқазақстандық клубтың қақпасына дарыса, 1-уін ғана жерлестеріміз қарсыласқа кіргізді.
Ойында есепті бірінші болып, «Ақтөбе» хоккейшілері ашты. Нәтижелі соққының авторы Федор Хорошев атанды. Кейін де қонақтар барлық мүмкіндіктерін мүлт жібермей жатты. Кездесудің екінші кезеңінде «Құлагер» клубының қақпасынан 6 шайба табылды. Жерлестеріміз болса, есеп айырмасын тек матчтың үшінші бөлімінде қысқартты.
Қорытынды 1:8, жеңіс «Ақтөбе» клубының еншісінде.