Петропавлда жедел уәкілдер жасөспірімді қорқытып, ақша алмақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында тәртіп сақшыларының көмегіне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол әлдебір бейтаныс адам оның 17 жастағы ұлын қорқытып, 10 мың теңге көлемінде ақша алмақ болғанын айтып арыз жазды.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда үйлерінің бірінде ақшаны алып кетіп бара жатқан жерінде 18 жастағы петропавлдықты ұстады. Жеке тінту кезінде 10 мың теңге көлеміндегі ақша, пневматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақ және өсімдік текстес есірткі заттарын қолдануға арналған полимерлік ыдыс тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір полицейлер ұсталған жігіттің осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.