СҚО халқының 85 пайызы сапалы ауызсумен қамтылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, биыл тұрғындарды таза сумен қамту мақсатында бөлінген қаржы көлемі 1,9 есеге ұлғайтылды. Бүгіндері 33,7 мың азамат тұратын 58 ауылда су желілері тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
– Жаңа су тарату нысандарын салу арқылы 25 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ 149 елді мекенде блок-модуль кешендері орнатылады. Тағы 46 ауылда топтық су құбырлары күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Бүгіндері 175 мың тұрғынға тіршілік нәрі қолжетімді, – дейді СҚО әкімі.