183
СҚО-да үш жылқыны жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқиға желтоқсанның 4-і күні Пресногорьковск және Бауман станциялары аумағының аралығында тіркелді. Жүк пойызының машинісі жылқы үйірін байқап, шұғыл тежегішті қолданғанымен үш жылқы пойыздың астына түсті.
Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иесі 43 жастағы облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 25 жылқы қораға қамалды.