Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған күн райы болжамы жарияланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Синоптиктер еліміз бойынша 9-11 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді.

— Республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жаңбыр мен қар жауады, республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерлері мен тауларда қалың қар жауады, – дейді синоптиктер.

Түнде ауа температурасы:

  • солтүстік-батыста -20-37°-қа дейін,
  • солтүстікте -30-38°-қа дейін,
  • елдің қиыр солтүстігінде -40-43°-қа дейін,
  • орталықта, елдің шығысында -25-35°-қа дейін төмендейді.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда тұман түседі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz