Қан тапсырған жандар — қаһарман

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамандандырылған күзет қызметі мамандары арасында «Қайырымдылық істер марафоны»  өткізілуде. Акцияға қатысқан полицейлер жақсылық жасап жарысуда. Мекеменің бір топ қызметкері бірқатар науқасқа донор болды, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық    қан  орталығына 40-тан астам маман келді. Олардың көбі осыған дейін де бірнеше рет донор болған. Қызметкерлер өзгенің өмірін сақтап қалуға көмектесуді азаматтық борыш санайды. Жалпы бүгінде мамандандырылған күзет қызметінде 430-дан астам тәртіп сақшысы жұмыс істеуде.

 — Біз өңіріміздегі мемлекеттік нысандарды күзетеміз.  Төртінші желтоқсанда басталған акцияға қатысушылар аз емес. Осындай қайырымдылық шараларынан қалыс қалмауға тырысамыз, — дейді мамандырылған күзет қызметі басқармасының кадр және тәрбие бөлімінің бастығы Еркін Нұрышев.

Бүгінде әлемдегі әрбір 3-ші адамда қан  керек.  Қазақстанда донорлардың саны көңіл көншітпейді.

  — Қайырымды іске полицейлер де атсалысып жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білесіздер, елімізде қан тапшылығы жиі кездеседі.1000 адамға 275 донордың көмегі қажет. Ал, бұл көрсеткіш біздің елімізде тек 18 адамды құрайды. Яғни, бұл қажеттіліктің тек 40 пайызын ғана қанағаттырады, — деді «Қызыл жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Сәуле Оразова.

«Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Сәуле Оразова   қан тапсырған жандарға Алғыс хат табыстап, ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.  «Қайырымды істер марафоны» акциясы мамандандырылған күзет қызметінде жылына 2 рет өткізіліп тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz