Петропавлда тұрғын үй-коммнулдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2022-2023 жылдар аралығында 20 көпқабатты баспана жөнделді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тұрғын үй-коммнуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 15 баспананың шатыры күрделі жөндеуден өтіп, 5 үйдің жеделсатысы жаңасына ауыстырылды.
– 2023 жылы қалалық бюджеттен 130 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа көпқабатты баспананың шатыры жөнделуде. Келер жылы 9 үйдің төбесі ауыстырылады. Сондай-ақ 22 лифтіні алмастыру жоспарда бар, — дейді қала әкімі Серік Мұхамедиев.