Ет өнімдерін көп тұтынатын өңірлер белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстандықтар ет және сүт өнімдерін көп тұтына бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.   

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну бюллетенін жариялады. Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылығының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% тиесілі.

Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды. Өңірлер бөлінісінде нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – елорда тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz