Тайландта пара пауэрлифтингтен әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде солтүстікқазақстандық спортшы қанжығасын майлап қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы әлем кубогында ел намысын «Үміт» клубының өкілі Игорь Удилов қорғады. Жерлесіміз 80 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Солтүстікқазақстандық спортшы қола медальға қол жеткізді.
– Әлем кубогы «World abilitysport games» деген атаумен өтті. Оған дүниежүзінің үздік спортшылары қатысты. Игорь Удилов өз салмағында үшінші орынға табан тіреді. Жерлесіміз халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады. Келер жылы да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын, — дейді спортшының бапкері Руслан Долобаев.