Қазақстан автокөлік газының бағасын көтеруді жоспарлап отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, олар автогаздың бағасын келесі аймақтарда келесі мөлшерде өсіруді жоспарлап отыр:

  • Астана – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;
  • Алматы – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін;
  • Шымкент – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
  • Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – тиісінше 75 теңгеден (шалғай елді мекендерде – 80 теңге) 81 және 86 теңгеге дейін;
  • Ақмола облысы – 70 теңгеден (шалғай аудандарда – 75 теңге) 76 және 81 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарына – 50 (55) теңгеден 54 (59) теңгеге дейін;
  • Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына – 70 (75) теңгеден 76 (81) теңгеге дейін;
  • Жамбыл – 65 (70) теңгеден 71 (76) теңгеге дейін;
  • БҚО, Қызылорда, Түркістан – 60 (65) теңгеден 64 (69) теңгеге;
  • Павлодар – 70 (75) теңгеден 74 (79) теңгеге дейін.
Жоба 2023 жылдың 19 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық құқықтық реттеу порталында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, автогаздың ағымдағы шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді, осыған байланысты министрлік жобаны Ашық НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz