Петропавлда кикбоксингтен «Қызылжар» турнирі өтіп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған «Қызылжар» турнирі өтуде. Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 70-ке жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Азамат Нұрпейісов кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды. Италиядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009), Ирландиядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011), Азия чемпионы (2012), Түркиядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013) атанды.

Кикбоксшы 2015 жылы тамыз айында ауырып ауруханаға түсті. Содан бері еріктілер тобы арнайы топ құрып, Азаматты қолдау үшін қаржы жинаған. Бұл акцияға олимпиада чемпионы Серік Сәпиев үн қосып, қаржы аударған. Алайда оның өмірі бар болғаны бір жылға созылып, ол 2016 жылы шілденің 19-ы күні өмірден өтті.

Жыл сайын Петропавлда кикбоксшыны еске алуға алуға арналған «Қызылжар» турнирі өтеді. Биыл дәстүрлі жарыс жалғасын тауып, аталмыш сайысқа 70-ке жуық спортшы келді. Оның 20-сы шаршы алаңда өңір намысын қорғауда.

– Турнирде ерлер 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатыр. Спортшылар фул-конакт және «К-1» санаттарында мықтыны анықтайды. Жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар, жеңімпаздарға кубоктар табысталады, – дейді кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы Әділ Нұржауыпов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz