Тәуелсіздік күнінде Кішкенекөл ауылында көппәтерлі баспана беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгіндері Петропавлдағы мұражайларда тақырыптық көрмелер ашылып, жастар ресурстық орталығымен бейнеқұттықтаулар байқауы өткізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірде мерекелік шаралар желтоқсанның 10-нан бастап өткізіліп келеді. Қазіргі уақытта облыс кітапханаларында Тәуелсіздік күніне орай «дөңгелек үстелдер» мен түрлі кездесулер ұйымдастырылып келеді.

— Желтоқсан 13-і мен 14-і күндері жасөспірімдер арасында шаңғымен жүгіруден облыстық чемпионат өтпек. Ал 15-сі күні шайбалы хоккейден облыс кубогы сарапқа салынады. Ойындар А.Винокуров Спорт сарайында өтпек, — дейді СҚО ішкі саясат басқармасының мамандары.

Тәуелсіздік күнінде Петропавлда «Haval» автоорталығы ашылса, Уәлиханов ауданы Кішкенекөлде 16 пәтерге шақталған баспана халық игілігіне беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz