Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп, зардап шеккен бір адам ауыр халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай облыс орталығындағы 2-ші Косогор, 13 мекенжайыда орын алды. Өрт жайлы хабар «101» пультіне желтоқсанның 13-і күні сағат 23:34 түскен. Оқиға орнына өртсөндірушілер жіберілді.
– От 30 шаршы метр аумақты қамтыды. Құтқарушылар 5 адамды қауіпсіз жерге шығарып, көмірқышқыл газымен уланған 1979 жылы туған ер азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Әзірге өрттен келген материалдық шығын көлемі белгісіз, — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Мамандардың сөзінше, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққаны болуы мүмкін. От толығымен сағат 00:35-те ауызыдықталып, оны сөндіруге 3 техника мен 16 өртсөндіруші жұмылдырылды.