Жыл басынан бері облысқа 201 дәрігер келді. Оның 81-і ауылды жердегі денсаулық сақтау саласы мекемелеріне жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биыл өңірге келген медицина мамандарының 66 пайызы бір реттік көтермеақы алды. Қаладағы денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасқандарға 3 жарым млн. теңге, ал ауылды жерден қызмет тапқандарға 5 млн. теңге көлемінде қаражат төленді.

– Бүгіндері облыста кадр тапшылығы мәселесі өзегін жоймай отыр. Өңірге әлі 140 маман жетіспеуде. Былтыр аймаққа денсаулық сақтау саласына 280 медицина қызметкері керек болғанын атап өткен жөн, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Облыстың денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасатындарға көтермеақыдан бөлек, медицина ұйымы атынан қаржылай көмек беріледі. Пәтерақының елу пайызы төленеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz