Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев «Amanat» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеті қала тұрғынын қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығының тұрғындары қала әкіміне жылу, жарық және жол мәселелерімен жүгінді. Мәселен, Ізтөлин, Совет және Жұмабаев көшелерінде орналасқан үйлерді жылда су басады. Коммуналдық кәсіпорындар жылу құбырларын ауыстырғанымен онда апаттар жиі орын алып жатады. Ал «Солнечный-2» шағынауданының кей көшелерінде жарық әлі күнге дейін берілмеген.
– Көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу мәселелерін міндетті түрде шешеміз. «Солнечный-2» шағынауданында қаңғыбас иттер қаптап кеткені белгілі. Оларды ұстап, арнайы орындарға орналастыру бойынша тапсырма беремін, — деді қала әкімі.