Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Тайынша ауданының тұрғыны Қазиза Кеңесбаеваға «СҚО-ның Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазиза Қожанқызының жасы — 80-де. Тайынша ауданының тұрғыны көп жылдар бойы ауылды жерде тракторшы болып жұмыс істеді. 1986 жылы ол ауыл шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған. Депутаттардың шешімімен бүгін еңбек ардагеріне «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.