Тәуелсіздік күні қарсаңында 128 солтүстікқазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды. Мерекеге орай барлықтарына кәдесыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгін мемлекеттік мерекеге орай еліміздің ХҚКО-ларында акция өтті. Шара аясында алғаш рет жеке куәлікті алған азаматтарға «Қазақстан» шоколады мен жалаушалар берілді.
Қараша айындағы деректерге сәйкес, Түркістан облысы – 550-ге жуық, Алматыда – 480-ден астам және Астанада – 440 қазақстандық алғаш рет жеке куәлігін алды. Қзақстандықтар жеке басын куәландыратын құжатты 16 жасында алады.
– Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорацияның басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.