Петропавлда көп жылдан бері қоқыс шығару мәселесі өзегін жоймай келеді. Биыл бұл қызмет түрінің тарифі өссе де, жауыр болған сұрақ шешімін таппай жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика агенттігі департаментінің мәліметінше, қоқыс таситын көлік жүргізушілерінің орташа жалақысы – 350 мың теңге шамасында.
Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде «Коммунсервиске» қоқыс шығаратын көлік жүргізушісі керектігі, оған 350 мың теңге жалақы ұсынылатыны туралы хабарландыру жарияланды.
Ал 2 апта бұрын қоқыс шығарумен айналысатын «Мюльсервис» кәсіпорны қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне айына 300 мың теңге жалақы ұсынатынын хабарлады. Қызметкерлерінің айлығын өсіруге мүмкіндігі бар болғанымен, компания әлі де өзіне тиесілі аумақтарда қоқысттан тазартуға асық емес.