Облыстағы тас жолдардың бірінде автобус жол жиегінен шығып кетті. Салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 19:20 шамасында Қызылжар ауданы арқылы өтетін «Жезқазған – Петропавл» республикалық маңызы бар автожолда 52 жастағы жүргізуші рөлді тізгіндей алмай жол жиегінен шығып кетті. «Петропавл – Имантау» бағыты бойынша қатынаған автобустың 25 жолаушысы болған.
— Қазіргі уақытта бір жәбірленуші Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Науқастың жағдайы бақылауда. Ал жол жиегінен шығып кеткен автобус шығарылды, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.