Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.
1996-2000 жылдары аралығында «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді.
2001-2004 жылдары аралығында ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерде директор болды.
2008 жылы — «Қаныш Сатпаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары.
2008-2010 жылдары — Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқармасы басшысы.
2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті.
2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры
2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы.
2018-2020 жылдары — ҚР энергетика вице-министрі.
2020-2021 жылдары — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2021-2022 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.