Есірткі өткізуге қатысы бар қала тұрғындары ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері жаңа telegram-боттың көмегімен есірткі өткізуге қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандарға Петропавлдағы Ізтөлин көшесінде жүрген жас қыздың күдікті іс-әрекеті туралы анонимдік хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында 20 жастағы қыз бен оның жігіті ұсталды. Полицейлер олардан ұнтақ тәріздес зат салынған 14 түйіншекті тәркіледі. Алынған сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттардың мефедрон және α-PvP есірткілері екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардың жауаптарын тексере келе бұған дейін есірткі жасырылған орындар да табылды. Полиция қызметкерлері екі қауіпті есірткінің 45 грамын тәркіледі.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. “Қазақстанның болашағы үшін” студенттік қоғамдық бірлестігінің көмегімен ашылған жаңа байланыс арнасына солтүстікқазақстандықтар оң пікірлерін білдірді. Қазіргі уақытта тағы бір жедел ақпарат тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, есірткі сатуды және таратушының жұмысын ұсынатын веб-ресурстарға сілтемелер туралы 30 хабарлама алынды. Олардың барлығы бұғаттауға жіберілді, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz