Астана қаласында қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі өз мәресіне жетті. Жарыс кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасында өтіп, төрт солтүстікқазақстандық балуан жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Турнирде 2008-2009, 2006-2007, 2003-2005 жылдары туған спортшылар өз бақтарын сынады. Жасөспірімдер санатында жерлесіміз Мұхамед Мұстахимов қола жүлдеге қол жеткізді. Солтүстікқазақстандық балуан 76 келіде өнер көрсетті. Ал 82 келіден жоғары салмақта Әділет Мұрзаш үшінші орынды місе тұтты.
Жастар арасында 72 келі салмақ дәрежесінде Руслан Ильбисинов пен 78 келіде Дмитрий Динер қола медальдарды еншіледі.