Көлік бағасы арзандады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2023 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 2,3 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

21 желтоқсанда «Қазақстан автокөлік одағы» коммерциялық емес ұйымының хабарлауынша, қараша айының соңында Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 14 миллион 810 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың қараша айында 15 млн 160 мың теңге болған.

Осыған орай елде автокөлік саудасы артып келеді. Қараша айында Қазақстанда 17 538 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік, сондай-ақ 1 429 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 54,1%-ға көп. Жалпы жыл басынан бері қазақстандық дилерлер 175 255 көлік сатқан.

2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда ең көп сатылған автомобиль брендтері Chevrolet (4243 автомобиль, жылына +35,7%), Hyundai (3605, +16,9%), Kia (2101, +22,3%), Toyota (1252, +79,4%) және Chery (1218, +58,8%) болды. Қарашадағы ең танымал модельдер Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson, Chevrolet Onix, Hyundai Santa Fe және Chery Tiggo 2 болды. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сату рекорды Hyundai брендіне тиесілі (42 038 автомобиль), Chevrolet екінші орында (40 011), үшінші орында – Kia (23 070).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz