202
Қазақ мектептерінде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 10 күнге созылады — 2023 жылдың 29 желтоқсаны мен 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бұл туралы Білім министрлігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы хабарламасында айтылған.
Мектеп оқушыларының қысқы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу кезінде басқарма іс-шаралар жоспарына «Бірыңғай білім беру бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.
Іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:
- жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба жұмысының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыру, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
- «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру аясында «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;
- «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Ұлттық ойын – ел қазынасы» спорттық ойындарын өткізу;
- «Оқу мектебі» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Мен оқыған ертегі», «Адалдық туралы» тақырыптарында оқушылармен әңгімелесу;
- «Ата-ана мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында «Қыз намысы – ұлт намысы», «Бала тәрбиесіндегі әкенің орны», «Дарынды отбасылар» тақырыптарында ата-аналар жиналысын өткізу;
- құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
Қорытындылай келе, аталған іс-шаралар әдістемелік ұсыныстар ретінде білім беру ұйымдарына жіберілетіні айтылды.