Президент зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қолдау жөніндегі заңға қол қойды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген Ақорда хабарламасында.

Құжат қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ету барысында зиянды жұмыс атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң еңбек ету кезінде зиянды жұмыс атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыруды, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеудің жаңа әдістемесін енгізуді және қызметкерлердің жұмысындағы міндетін орындау кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыру мониторингін қамтамасыз етуді көздейді.

Нақтырақ айтқанда, заңның қабылдануы қоғамдық бірлестіктерде ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіруге және жұмыс жағдайында зиянды істерді атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғауға ықпал ететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz