Отшашуды заңсыз саудалағандарға — айыппұл

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Отшашуларды заңсыз сатқандарға жаза қарастырылған. Әкімшілік кодекстің 196-шы бабына сәйкес, бұл азаматтарға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз алған әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Құрман Мусин өткен жылғы статистикаға тоқталып, биылғы жоспарларымен бөлісті.

– Былтыр «Пиротехника» жедел алдын-алу іс-шарасы шеңберінде 59 рейд өткізілді. Нәтижесінде отшашуларды заңсыз сатқан 18 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Шамамен 939 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Жалпы айыппұл көлемі 689 мың теңгеден асты. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бұл жарылғыш заттардан зардап шеккендер тіркелмеді, — деді Құрман Мусин.

Маманның сөзінше, биыл облыс аумағында «Пиротехника» жедел алдын-алу шарасы желтоқсанның 25-сі мен қаңтардың 3-і күндері аралығында өтеді.

– Бүгіндері өңірде пиротехникалық бұйымдарды сатумен 2 заңды тұлға айналысады. Олардың қолдарында тиісті рұқсат құжаттары бар. Отшашуды «Петропавловск – Салют» және «КМD Holding» ЖШС-лары саудалайды, — деді әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz