Петропавлдағы Оқушылар сарайында Президенттің атынан жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Мерекеге облысымыздың түкпір-түкпірінен 200 бала жиналды. Оқушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, игі тілегін жолдады.
Жаңажылдық мейрамға озат оқушылар, олимпиадалардың жүлдегерлері, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары, жетiмдер және мүгедек балалар қатысты. Шыршаның кiшкентай қонақтары жаңажылдық қойылымды тамашалап, Мемлекет басшысының атынан сыйлықтарға ие болды.