Волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде «Қуаныш» клубы «Алматы» қыздарын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екінші турдың үшінші ойынын жерлестеріміз «Алматы» командасы қарсы өткізіп, қарсыластарынан басым түсті. Бұл жолы солтүстікқазақстандық арулар үш кезеңде де жеңіске жетті. Бірінші бөлім 25:16 есебімен аяқталса, екінші кезеңде «Қуаныш» қыздар 25:14 нәтижесін тіркеді. Ал соңғы бөлім 25:19 есебімен аяқталды.
Бүгін «Қуаныш» клубы сағат 18:30-да «Тұран» командасына қарсы ойын өткізеді.