Мектеп асханаларындағы тамақтану бағасы өседі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2024 жылы облыстағы мектеп асханаларындағы оқушыларды тамақтандыру құны артады. Ол 500-ден 614 теңгеге өседі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың айтуынша, бүгіндері мектеп асханадаларындағы астың бағасын көтеру жөнінде есептер дайын. Құжатта қаңтар айынан бастап, оқушылардың тамақтану құны 614 теңге деп көрсетілген.

– Өткен жылы 20% — дан асқан инфляция коэффициентін ескере отырып және биылғы жылы бағаның өсуін бақылай отырып, инфляция коэффициенті кем болмайды деп есептейміз. Қолданыстағы баға 500 теңге, ол кәсіпкерлерге аздық етеді, — дейді «Ботақан» ҚБ төрайымы Ольга Усольцева.

Өңірде 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылар санатына кіретін оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz